Жас самарқандтық өнертапқыш автокөлікке "мәңгілік" қозғалтқыш ойлап тапты

Ақпарат агенттігі хабарлағандай, оның тапқан өнертабысының ерекшелігі кәдімгі автокөліктің іштен жанатын қозғалтқышын ауаның қысымымен жұмыс істете алғандығында болып табылады. Мұндай "отын" моторға жоғары қысыммен ауа жинақталған арнайы бактан келеді. Ауа берілгеннен кейін бак ауамен қайта толтырылады. Осылайша, 15-жасар жасөспірім ойлап тапқан қозғалтқышты шынында да "мәңгілік" деп санауға болады.

"Ауа қозғалтқышының алғашқы нұсқасын Кәрімов "Запорожец" автокөлігіне орнатты. Онымен бірнеше жүз метр жер жүре алды. Бірақ, оның жылдамдығы өте төмен болды. Алайда, жас инженер күштік құрылғының қуатын артыру техниканың ғана ісі екендігіне сенімді. Оның айтуынша, қозғалтқыштың қуатын бірнеше есе арттыру үшін оған төзімділігі жоғары материалдан жасалған арнайы ауа бакы ғана қажет", - деп хабарлайды агенттік.

Самарқанд студентінің сызбалары мен есептеулері неміс мамандарына жөнелтілген. "Ферғана" агенттігінің хабарлауынша, жас өнертапқыш өз жұмыстарын Германияда жалғастыруы да ғажап емес.