Жас термеші Малаховтың шоуына қатысып, елді таң қалдырды

Ол бұл жолы орыс тіліндегі «Мама» әнін орындап, елді таңдай қақтырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Ал Мұрмұхаммедтің өзі желідегі парақшасына: «Бұл да менің бір жеңісім, Ресей төрінде ән шырқау. Ал менің жеңісім әрқашан қазағымның жеңісі болмақ. Осындай әдемі әнді маған сеніп, өз рұқсатын берген Юлдуз Усманова апама үлкен рақмет. Сіз мықты адамсыз. Алдымда үлкен байқау, маған сәттілік тілеңіздер», – деп жазды.