Жас жігіт тұрмысқа шығуға келісім бермеген сүйіктісінің басын кесіп алды

Кристофер Такер есімді қылмыскер сүйіктісін не себепті өлтіргені өзі айтып берді.

“Мен көңіл білдіріп, ұсыныс жасадым. Ол менің қолымды қайтарды. Басқа адаммен көңілдес екенін айтты. Сондықтан оның басын алдым”, – дейді ол.

34 жастағы қылмыскер қыздан 15 жас үлкен болған. Ол алдымен қызды тұншықтырып, артынша көзін ойып алған. Кейін оны балталап бөлшектеп тастаған. Қылмыскер қазір қамауда.