Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін үш минуттан соң ажырасып кетті

Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Үйлену тойынан кейін қалыңдық сүрініп құлайды. Күйеу жігіт қызды күлкі қылып, "ақымақ екенсің ғой" деген. Ақыр соңында қалыңдық жылап қалып, салтанатты рәсім өткен жерде-ақ күйеуімен ажырасуды талап еткен.

Жастар үш минут бұрын ғана ресми түрде некеге тұрған екен. Осылайша қыз бен жігіт ел тарихындағы ең аз уақыт отбасын құрған жұп атанды.