”Жасағанын мойнына алсыншы”: Атыраудағы кісі өлтіру ісі бойынша күдіктінің анасы ұлын өз еркімен берілуге шақырды

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Жасағанын мойнына алсыншы. Қолымен істеді ме, мойнына алсын. Өтінемін”, - деді анасы.

Айта кетейік, 29 жастағы күдікті мен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиевадан әлі хабар жоқ. Сонымен қатар із-түссіз кеткен Мейрамгүл Қарабалина мен інісі Наурыз Мұқанғалиев те табылған жоқ. Полиция іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Күдіктінің 5 баласы мемлекеттің қамқорлығына алынды.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың басында Жангелдин ауылында бүтін бір отбасының жоғалып кетуі қоғамда дүрбелең туғызған еді. 6 қаңтарда полиция ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйітін үй ауласындағы сарайдан тапқан. Марқұмдардың денесінде пышақ жарақаттары анықталған, ал мәйіттерді күдікті көміп, үстін жиһазбен жабып қойған.