Жасанды интеллект мұғалімдердің жұмысын жеңілдетеді – вице-министр 

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев Астанада өткен C5+1 SI Conference конференциясы аясындағы брифингте айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу бағытында OpenAI компаниясымен бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр.