Caravan Logo

Жасанды интеллект Вена университетінің студенті атанды

Жасанды интеллект Вена университетінің студенті атанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Flynn деп аталатын жасанды интеллект цифрлық өнер бағдарламасына ресми түрде қабылданды және басқа студенттермен тең дәрежеде оқиды.

Университет басшылығының хабарлауынша, мұндай эксперименттің мақсаты – шығармашылық саладағы адам мен жасанды интеллект арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу.

Бір қызығы, Flynn оқуға қабылдау сынағының барлық кезеңінен өтті: өзінің портфолиосын ұсынды және сұхбаттасудан сәтті өтті. Жасанды интеллект университет ережелерінде студенттің міндетті түрде адам болуы жөніндегі ресми талаптың болмауына байланысты, оқуға қабылданды. Бұл факт - оқу орнының әкімшілігінде атап өтілді.