Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысын үшінші раундта үш рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Алайда, өзбек жанкүйерлері әлеуметтік желілерде төрешілердің бұл шешімімен келіспейтіндерін жазуда.
"Әділетсіздік, екі раунд бойы қазақша ұрып-соғу болды. Жасанды нокдаун ұйымдастырылды. Екінші нокдаун жасанды, өкінішті...", "Шымбергеновке үнемі қолда көрсетеді. Бірақ, ол жақсы спортшы емес", "Мына кәрі қазақты жақын арада біреу сындырып тастайды. Қазақтар, сендер медальдық көрсеткіште нешінші орындасыңдар, соңғы орында шығарсыңдар", - деп жазды Асадхужа Муйдинхужаевтың жанкүйерлері.
Өзбекстандық жанкүйерлердің арасында Асланбектің мықтылығын мойындап жатқандар да жоқ емес.
"Асланбек тәжірибелі боксшы, мықтылығы көрініп тұр", "Асадхужа тәжірибелі боксшымен жақсы жекпе-жек өткізді.Осындай жекпе-жектерде тәжірибе жинақталады.Келесі жекпе-жектерге сәттілік. Қазақстандық боксшы тәжірибесі көп болғандықтан соңғы раундта жеңіске жетті.Өзбек, қазақ, қырғыз деп айтуды қойып, жақын туыс болатын кез келді. Түркілер алға! Бұл жекпе-жек финалда болуы керек еді, қытайлықтар әдейі осылай жасап жатыр, шахматшыларда да солай болды, мықтылардың бәрін ерте шығарып жатыр", - деп жазды олар.
Айта кету керек, қос спортшы да Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медальға ие болған еді. Өзбек спортшысы 67 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы болса, Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.