"Жасауы сұмдық, 5 миллионнан да асып кетті": Сәкен Майғазиевтің орамалын шешкен келінінің басы тағы да дауға қалды

Бұл жолы әншінің жалғыз келінінің жасауы елдің назарына іліккен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Естеріңізде болса Сәкен Майғазиев жаңа түскен келінінің жасауына 5 миллион теңге берген еді. Желіде келінінің жасауының видеосы тарады. Онда келінінің бай-қуатты әулеттен екенін көруге болады.

Көпшілік қыздың жасауы әншінің қалың малға берген 5 млн теңгесінен де асып түскенін жарыса жазуда.