Жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Әлем чемпионаттарында қазақстандық кикбоксшылар жалпыкомандалық есепте 56 елдің ішінде 9-шы орын алды


Бұл байрақты бәсекеге 56 елден 1800-ден астам спортшы қатысқан болатын. Онда ел намысын қорғаған ұлттық құрамадағы 23 кикбоксшының 17-сі жүлдеге ие болды. Фул-контакт бөлімінде 54 киләда Әлем чемпионы атағын ақтық сында қазақстандықтар өзара сарапқа салған болатын. Руслан Баязитов пен Бекзат Өмірзақовтың арасындағы бұл сайыста Руслан алтын медальдің иегері болды. Ел қоржынына түскен екінші алтынды 63,5 киләлі салмақта ресейлік Асылхан Мулдобцевті жеңген Арслан Майшыбаев салды. Өзге 2 алтын медаль лоу-кик бөлімінде Нурбек Турдиев (60 кг), К-1 бөлімінде Баһадүр Сүлеймановтың (57 кг) еншісіне жазылды. Әлем біріншілігінің күміс жүлделерін фул-контакт бөлімінде Аяділ Балғазаров (51 кг), Ахмет Нобиев (57 кг), лоу-кик бөлімінде Руслан Сексенбаев (63,5 кг) мен Асет Жұм (67 кг) иеленді. Ал құрама қоржынындағы қола жүлделерді Шыңғыс Сыздықов (54 кг), Жарғасбай Әбшекенов (75 кг), Руслан Майшаев (63 кг), Сапар Тұманов (71 кг), Мұхамед Масақбаев (81 кг) және қыздар арасында күш сынасқан Маржан Әлімовалпы алғанда, а (52 кг) мен Айдана Төреханова (56 кг) салды. Соның нәтижесінде жалпы командалық есепте 4 алтын, 5 күміс және 8 қола жүлдемен Қазақстан құрамасы 56 елдің ішінен 9-шы орын алды. Ал Әлем чемпионатының үздік үштігін Ресей мен Венгрияны алға оздырған, Италия спортшылары түйіндеді.