Оқиға Сан-Паулу штатындағы жасөспірімдерге арналған абақтыда болды. Түрменің 10 қызметкерін ойда жоқта кепілге алған олар мекеме ішінде от жаққан. Ал кейбір балалар болып жатқан оқиғаға тіпті назар аудармастан футбол ойнап жүре беріпті. Артынша белгілі болғанындай, кепілге түскен барлық адам босатылған. Әйтеуір, ешкім зардап шекпепті.
Loading...