Жасөспіріммен қосылып арақ ішкені үшін жазаға тартылды

Хабарламада «Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат П-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотпен, азамат П. азамат С-мен жасөспірім екенін біле тұра, алкогольдік ішімдікті ішіп, оны алкогольдік масаң күйге жеткізгені анықталды.


Сот қаулысымен азамат П. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 131-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, оған бір тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, деп көсетілген.