Жастар арасына танымал шетелдік авторлардың шығармаларын анықтап, қазақ тілінде жарыққа шығару үшін байқау жарияланады

«Қазақ тіліне аударып басып шығару үшін біз таяу мерзімде жастар арасында танымал шетелдік авторлардың шығармаларын анықтау бойынша жалпы республикалық конкурс жариялайтын боламыз», деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, елімізде қазақстандықтардың лингвистикалық қорын өрістету ісіне, яғни орыс және ағылшын тлдерін меңгерулеріне мемлекет тарапынан барлық деңгейде қолдау көрсетіле беретін болады.

«Жыл сайын көптілді меңгеріп жатқан жастарымызды ынталандыру мақсатында түрлі олимпиадалар мен форумдар және конкурстар өтетін болады. Алайда бұл жұмыс тек республикалық деңгейде ғана қалып қоймауы тиіс. Біздің ойымызша, аймақтарда да көптілділікті қолдау бойынша ынталандыру ісі және осы салада жұмыс істей келетін кадр мәселесі қайта қаралуы керек», деді Д.Мыңбай.