Жастар арасындағы әлем чемпионатында екі боксшымыз ширек финалға шықты

75 келі салмақта Дәулет Байғабатов жаңа зеландиялық Итан Кулаетаны жеңді - 18:3. Дәулет енді ширек финалда әзірбайжандық Орхан Майыллымен кездеседі.

69 келіде Айтжан Шілеев моңғолиялық қазақ Ерған Қуатты ұтты- 13:5

49 келіде Әділет Құрметов моңғол Гандулам Мунгун-Эрденнен ұтылып (18:21), жарысты аяқтады. Ал 56 келіде Әділбек Әділжан кубалық Алексис Виллалонға 15:19 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.