Алғашқы 4 турдың қорытындысы бойынша Беларусь пен Қазақстан құрамалары ғана жеңіліссіз келе жатыр. Енді олардың арасындағы ақтық ойында келесі келесі турда «А» тобында бақ сынауға мүмкіндік беретін жолдаманың тағдыры шешіледі.
Екі команда бұған дейін қарсыластар қақпасына 22 шайба енгізген болатын. Алайда өз қақпаларына беларустер - 4, қазақстандықтар - 10 шайба жіберіп алды. Василий Васильченко жаттықтыратын қазақстандықтар украиндарды 4:5, поляктарды 7:1, австриялықтарды 7:4, венгрлерді 3:1 есебімен ұтты. Ал беларустер қарсыластарынан 7:1, 5:1, 3:2 және 7:0 есебімен басым түсті.