Жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында қазақстандықтар 11-ші орын алды


Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кіруге мүмкіндік беретін 9-10 орын үшін болған жартылай финалда индонезиялықтарға 2:3 есебімен есе жіберді. Одан кейін вьетнамдықтарды 3:0 есебімен ұтып 11 орынды қанағат тұтты. Қазанның 1-і күні жалауын көтерген бұл жарысқа Азияның 16 елі қатысқан болатын. Азия чемпионатында үздік үштікке енген Жапония, Қытай және Үндістан спортшылары енді 2011 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады.