Жастар Францияға Әблязовты қайтару туралы өтінішті кептер мен шар арқылы жіберді

Ұйымдастырылған шараға бар-жоғы 8 студент қатысты. Сөздеріне сенсек, өзерінің ешбір саяси немесе қоғамдық ұйымдарға қатысы жоқ. Ал қашқын олигархты қайтару туралы үндеу жасауы - азаматтық ұстанымдары көрінеді. Дегенмен үш түрлі жолымен жіберілген хаттың қайсысы Франция президентінің қолына жететінін жастардың өзі де дөп басып айта алмады.


Рашид Сейітов, студент:

 – Ашық хат арқылы біз Мұхтар Әблязовтің қайтадан Қазақстанға оралуын талап етеміз жастар атынан. Сондай ой білдіреміз. Ол кісі егер де мен әділмін, ешқандай да құқық бұзған жоқпын дегеніне сенімді болса, сотта бой көрсетсін деген оймен шара өткізіп жатырмыз.