Жастар «Жақыныңа жәрдемдес» шарасы аясында мұқтаж жандарға қолұшын созуда

Осыған байланысты батысқазақстандық «жасотандықтар» жедел көмек жасағын құрып, «Жақыныңа жәрдемдес» шарасы аясында жалғызбасты қарт адамдарға, аз қамтылған отбасыларға көмекке келді.

«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дархан Қадыралиевтің айтуынша, белсенді жастар мұқтаж жандардың үйлеріне барып, ауласын қардан тазалап, есіктерінің алдын сыпырып, қатып қалған мұздарды ойды. Үй иелері көмек қолын созған «жасотандықтарға» ризашылығын білдірді.

Аталған шара мақсаты - жастардың бойында аға буынға деген құрметті қалыптастыру, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шара аясында құрылған «Еңбек десанты» жасағы жыл бойы жұмыс жасайтын болады.