Жаңаөзенде болған тойлардың бірінде жас жұбайлар «жар-жардың» орнына «Бақара» сүресінің 2-аятын қосып шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеп.
Тойдан үзінді TikTok әлеуметтік желісінде жарияланды. Оған қатысты 3 мыңнан астам пікір бар. Желі қолданушылардың бірі бұл дұрыс үрдіс десе, кейбірі Құран тек мешітте оқылуы керегін жазған. Бұл мәселеге қатысты дінтанушы Мұхитдин Паттеевтың пікірін сұраған едік.
Оның айтуынша, «тойда мұндайды жасауға бола ма, жоқ па?» деп ешкім сұрап жатқан жоқ.