Caravan Logo

Жастардың ажырасуындағы басты себеп не?

Жастардың ажырасуындағы басты себеп не?

Бұл туралы "Информбюро" бағдарламасы хабарлайды.

«Информбюроның» инстаграмм парақшасында «Ажырасудың себептері қандай?» дегенге пікір қалдырғандардың басым бөлігі ажырасудың басты себебі - күнкөріс жағдайы деп жауап беріпті. Тағы біразы жастардың өміріне ата-аналардың араласуынан деген.

Ерлі-зайыптылардың жауапсыздығы, тәрбиеден дейтіндер де бар болып шықты. Алайда, бір-бірін сүйіп қосылғандар қандай да қиындыққа төзуі керек деген пікірлер мүлдем сирек.

Қалай десек те, ажырасқан жұптардың 70-80 пайызы балалы екен. Демек, 28 жылда өзара түсініспей екіге бөлінген жарты миллион отбасының артында миллионға жуық баланың тағдыры жатыр деген сөз.