Жасұлан Қыдырбаев Әлем чемпионатында жұлқа көтеруде үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдалана білді. Ол алғаш, 175 келіні бағындырса, екінші мүмкіндікте 179 келіні еңсерді. Үшінші мүмкіндігінде 182 келіні көтере алмады.
Ал, серпе көтеруде 215, 221 және 229 келіні бағындырды. Қос сайыс нәтижесі бойынша 408 (179-229) келіні көтеріп, Әлем чемпионы атанды.