Жасы қырықтан асқан Ләйлә Сұлтанқызы келесі жылы сәбилі болу туралы жоспарын жария етіп қойды

Бұл жайлы Stan.kz. жазды.  

Тележүргізуші 40 жастан асқан курстастарының бірі 18 жылдан кейін сәбилі болғанын жазған.

«Жалпы 40-тан кейін босану қауіпті, не болмаса қиын, тым жауапты дегендерге екі құрбым «пішту» деді. Курстасым Юлия 18 жылдан кейін Ален батырды дүниеге әкеліп, ана бақытын сезінуде. Неткен бақыт», – деп жазды Сұлтанқызы Instagram-парақшасында.

Бұған дейін өз сөзінде қызды болуды армандайтынын айтқан Ләйлә денсаулығым “аттай” деп, әлі де перзент сүюге дайын екенін жеткізгенеді. Ендігі ол келесі жылы нәресте сүйгісі келетінін жасырмады.


«Ал, қыздар, бәріміз «пішту» дейтіндер қатарына қосылайық, мен Құдай қаласа, келесі жылы деп отырмын», – деп сырын айтып қойды тележүргізуші.

Айта кетсек, 2005 жылы депутатқа тұрмысқа шыққан Ләйлә Сұлтанқызының екі ұлы бар.