Жаттықтырушының жалақасы 600 000 доллар: "Қайрат" ресми мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және БАҚ беттерінде Құрбан Бердыевті "Қазақстандағы премьер лигасындағы ең қымбат жаттықтырушы" деп атаған болатын.

"Қайрат" аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және маманның жалақысы жайлы мәліметті еңбек келісіміне сәйкес жариялай алмайтынын ресми түрде мәлімдейді", - деп жазды клубтың Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Қайрат" Қазақстан премьер лигасында 2021 жылы үшінші орын иеленген болатын. 25 қарашада олар Конференция лигасы аясында швейцариялық "Базель" клубына қарсы кездесу өткізеді.