"Жатып қалды, тұра алмай жатыр": "Өнер қырандары" актерлерінің бірінің денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актердің әріптесі оның денсаулығының күрт нашарлап кеткенін растады.

"Мэлс денсаулығына байланысты жатып қалды. Гастрольдің алдында негізі оған операция жасаған. Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Кеше Алматыда, Талдықорғанға барып келгеннен кейін әрең дегенде бір рет емдетті, тағы да тұра алмай қалған.

Кеше ауыртпайтын дәрі салып, концертке шықты, белдің дәрісі ғой. Екі апта бойы сол дәрінің күшімен жүрген. Белден төмен қарай, аяғы істемей қалып жатыр. Сонымен кеше құлап, тұра алмай қалды. Алла шипа берсін", - деді актер.