«Жауқазын» балалар шығармашылығы көрмесі жалғасуда - БҚО

Бұл жолы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жүзшақты жұмысын жәнібектік жас дарындар қойды.

Көрмеде түрлі жанрдағы қолданбалы өнер туындылары бар. Әсіресе, Әйгерім Ерғалиеваның киізден жасалған жұмысын атап өтуге болады. Сондай-ақ Жансерік Қуанышқалиев, Серік Сағынбаев, Надежда Төлебекова, Абай Мақсотовтардың суреттері де көрнекті орында тұр.

Жәнібектік балғын таланттардың көрмесі 9 қыркүйекке дейін созылады. Сосын өнер эстафетасын Тасқала ауданының оқушылары жалғастырады.

«Жауқазын» көрмесі Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда қорытындыланып, облыс бойынша үздік шыққан 20 талантты жас анықталады.