Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
"Қариясы артына қарап, тәубасын айта алмайтын, жастары алдына қарап, келешегін көре алмайтын, жолы тұманды, ертеңі күмәнді жұрт едік. Бүгін байрағы төрінде шалқып, әнұраны көгінде шырқалған, елтаңбасы мәңгілік мөрге айналған, жасампаздық тарихын жазған, дербес жазуы бар, өмірі бақытты, көңілі шаттықты, жолы даңғыл, болашағы айқын мәңгілік ел болдық.
Бұның бәрі – азаттығын аялап, тәуелсіздігін сақтаған, бірлікке ұйып, тірлігін алдаған айналайын алтын елдің арқасы. Біз ешкім жерін білмейтін, елін танымайтын, өзгелер аса менсінбейтін, сыртқа еркін шыға алмайтын, шыға қалса, кіммен сөйлесеріне нұсқау күтетін жаутаңкөз жұрт едік. Бүгін бүкіл әлем төреден күтіп, төрін беретін, сыйлап ақыл сұрайтын, өнеге қылатын абыройлы ел болдық. Біз кеше рухы тапталған, ана тілі өгейсіп, ата діні аласталған, тарихы біртұтам болып кесіліп, бағы қайтқан жұрт едік.
Бүгін рухы асқақтап, тілі БҰҰ-ның төрінен сөйлеген, хақ діні қайта жалғасқан, тарихы тамырын тауып, мыңжылдық даңқы асқан, ұлы бабаларын ұлықтап, ұлы мәдениетін жаңғыртқан бағы жанған ел болдық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, қазақстандықтар биыл Тәуелсіздік күніне орай төрт күн демалады.