"Жауын-шашын, тұман". Синоптиктер 17 қарашада елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Болжамға сәйкес, антициклон ықпалындағы республикамыздың басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.

Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс ретінде тұманды атауға болады, ал солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп болжанады.