Жауынгерін қорғаған командир мен ақауы бар ұшақты қондыра алған ұшқыш «Халық қаһарманы» атанды

Онда осы екі азаматқа «әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» делінген. Естеріңізге сала кетсек, өткен айдың басында Қарағанды облысындағы 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары, полковник Қайрат Үмбетов жаттығу кезінде оқыстан граната жарылғанда, қатардағы сарбаз Абзал Сұлтановты кеудесімен жауып қалған еді. Осыдан кейін жауынгер жеңіл жарақат алса, офицердің өзінің арқасы мен аяқ-қолы қатты зақымдалды. Ал Дмитрий Родин бортында экипаж мүшелерін қосқанда 121 адам болған, ақауы бар ұшақты шеберлікпен қондыра білуі арқылы ерлік танытты. Бұл оқиға наурыз айында болған еді. Қызылордадан ұшып шыққан «Fokker-100» Астана әуежайына алдыңғы доңғалағы ашылмай апатты жағдайда қонған. Дмитрий Родиннің шеберлігінің арқасында ұшақта болғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.