"Біздің қызметкердің кінәсінен жол апаты болып, бір адам қаза болды, бұл оқиға прокуратура органдарының мәртебесіне кір келтіріп отыр. Болған оқиғадан соң ол Теміртау прокуратурасында жұмыс істей алмайды. Теміртау прокурорының бұйрығына орай Қаныш Мамалинов жұмыстан босатылды", деді агенттікпен әңгімелесуші.
Алдында хабарланғандай, 1-қаңтар күні таңертең Қарағандыда "Мерседес Бенц" көлігімен Теміртау прокурорының көмекшісі ер адамды қағып өлтірген.
Оған қатысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзғандық үшін қылмыстық іс қозғалған.
Тергеу оның жылдамдық режимін бұзғандығын және онда көліктің техникалық тексерістен өткендігі туралы жалған куәлігі болғандығын анықтады.
"Қылмыстық істің тергелуі жалғасуда. Оның қаза болған жігіттің туыстарымен татуласқандығына қарамастан істі тоқтату туралы қаулы жоқ. Ресми түрде қылмыстық іс тергелуде", деді облыстық прокуратурадан.