Жаяу Мұса әндері ақынның туған жері Баянауыл ауданында шырқалады

Облыс орталығында өтетін ҚР халық әртісі Қайрат Байболсыновтың жеке концерті де ақын мерейтойына арналмақ, деп хабарлады мәдениет басқармасында.

Келесі күні, яғни қыркүйектің 25-де Жаяу Мұса әндерін орындаушылардың аймақтық байқау өтеді. Байқауда үздік нәтижелерге қол жеткізгендер ақынның туған жері Баянауыл ауданы, Мойылды елді мекенінде жарысты одан ары жалғастырады.

Жаяу Мұса әуендерін қазақ композиторлары «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан мен Сара» операларында да пайдаланған болатын.

Жаяу Мұсаның әндері мен музыкасы әртүрлі жылдары Александр Затаевич, Ахмет Жұбанов, Борис Ерзакович, Михаил Лалиновтың жазып алған ноталық әуендерінің арқасында біздің қолымызға жетіп отыр.

Ақын мерейтойының құрметіне ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылады.