Естеріңізге салсақ, өткен жылдың тамыз айында, көлігімен келе жатқан спортшы жаяу жүргіншімен жол бөлісе алмай, жанжал соңы қайғылы аяқталған болатын. Қызу қанды жаттықтырушысы жуан жұдырығымен жергілікті тұрғын Вечеслав Сычевты сұлатып салып, артынан жанындағы туысы екеуі жабыла тепкілеп, оқиға орынан қашып кеткен. Күдіктілер көп ұзамай қолға түссе, жәбір көрген азамат 9 күнен кейін аурухана керуетінде көз жұмған-ды.