Жаз маусымының басында еліміздің кейбір өңірлерінде 38-41 градус ыстық болады


Синоптиктер 31 мамыр-2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. "Қазақстанның оңтүстігінде жаз 30-35 градус, кей жерлерде 38-41 градусқа дейінгі ыстық ауа-райымен басталады. Бұл климаттық нормадан 5-10 градусқа жоғары", - деді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, еліміздің басқа аумақтарында Батыс Сібірден келетін суық атмосфералық фронттардың әсерінен найзағайлы жаңбыр, екпінді жел, жекелеген аудандарда бұршақ күтіледі. "Ауа температурасы әдеттегі осы мезгілге тән температурадан 1-3 градусқа төмен болады", - делінген хабарламада.