Жазасын өтеуші жігіт “Перископтың” тікелей эфиріне шығып түрме қызықтарын баяндады

Түрмедегі жағдайдың көпшілікті қызықтыратыны соншалық, Михаилға әртүрлі мәндегі сұрақтар қарша бораған. Тікелей эфирде жігіт өзі туралы ғана емес, темір тордағы жалпы өмір туралы да айтып береді.

Бастапқыда Михаил эфирге өзі шыққанымен, кейін оған Виктор қосылды. Екіншісі, адам өлтіргені үшін бостандығынан айырылған екен.

Өздерін балалар лагерінде тұрамыз деп әзілдеген олар, қасындағы достарының есімдерін еркелетіп атайтын көрінеді. Жігіттер тіпті қыздарға сәлем жолдап, оларды кездесуге де шақырды.


“Кастинг өткізу керек болды енді. Маған кездесуге келетін ең үздік сұлуға кастинг жариялаймын. Ол түрмедегі жағдайдың бәрімен еркін таныса алады”, – дейді Михаил.

Заң бойынша түрмеде мобильді телефон қолдануға тыйым салынған. Сол себепті Михаил нақты қай түрме екенін жасырған. Ол түзеу мекемесінің қызметкерлерінің бірі көріп қойса, ұялы телефонды тартып алады деп қорқады.