Жазасын өтеушілер аттестат алды

Бірдей киім киіп, сапта тізіліп тұрғандардың бәрі – колледж түлектері. Олар бүгін тігінші және сылақшы мамандықтары бойынша диплом алды. Саптан бөлек тұрған мына 4 қыз осындағы орта мектепті бітіріпті. Колония әкімшілігі бүгін түлектерге жеңілдік жасап, арнайы форма емес, әдемі көйлек пен біз өкше туфли киюге рұқсат берген. Қолынан орта білім туралы аттестат алған төртеудің бірі Фаина Валл. Ол өзінен бес жас үлкен әпкесін ұрып өлтіргені үшін 6 жылға сотталыпты. Бостандықта жүргенде 10-шы сыныптан кейін оқуын тастап кеткен екен.


Фаина Валл, жазасын өтеуші: 

-Ойланбай жас болдым, өмірді білмеппін. Осы жерге келіп өкіндім. Сондықтан осы жерде оқуымды дұрыстап оқыдым. Құдай қаласа, парикмахердің оқуын оқып, үлкен салонда жұмыс істегім келеді. Стилист болғым келеді.