Жазасын өтеушілер түрмеде отырып 4 миллион теңге ақша тапқан


- Маған хабарласып киеуің апатқа түсті деді. Мен сеніп қалдым. Ақша сұрағасын бере салдым.

Қыз зорлау, ұрлық, қарақшылық баптарымен түрмеге тоғытылған үш айыпты абақтыда жай отырмай, ақша тапқан. Телефон арқылы танымайтын адамдарға хабарласып, туысының қиын жағдайға тап болғанын айтыпты. Кейін өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, тұрғындардан ақша талап еткен. Ақшаны бостандықта жүрген екі әйел алып, түрмеге аударып отырған екен. Осылайша, алаяқтардың арбауына 16 адам түсіпті. Олар жалпы сомасы 4 млн 200 мың теңгеден айырылған. Онсыз да абақтыда отырған алаяқтар тағы 4 жылдан арқалады. Павлодардағы түрме де тексерістен өтетін болды. Қылмыскерлерге ұялы телефон ұстауға жол берген қызметкерлер жауапқа тартылуы мүмкін.