Жазда Алматының бірқатар орталық көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілмек

көлік қозғалысы қиындайды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Құрманғазы көшесімен, яғни Чайковский көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін, Мәметова көшесімен- Наурызбай батырдан Уәлиханов көшесіне дейін, Марков көшесімен- әл-Фараби даңғылы мен Попов көшесіне дейінгі аралықтарда жылу трассаларын қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне орай жол жүру қиындайды, делінген дүйсенбіде таралған хабарламада.

Сонымен қатар, Торайғыров көшесінде Сайын мен Мұстафин көшелері аралығында су құбыры жөнделуде. Шаляпин көшесінде, Момышұлы көшесінен бастап Береговая көшесіне дейін және Алынсарин көшесінде Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейін жол жабындысы орташа жөндеуден өткізілмек.

"Жылу трассасында жөндеу жұмыстары қыркүйек айының ортасына дейін жалғаспақ, қалған жұмыстар маусым айының ортасына дейін".


Алматы ІІД әкімшілік басқармасы жүргізушілерден осы себептерге байланысты өз маршруттарын ертерек ыңғайлауды сұрайды.