«Біз екі ел арасына қатынайтын рейстер ашу мәселесін түрік әріптестерімізбен бірнеше рет талқыладық. Бұл бағыттың қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие екендігін ескере отырып, 2014 жылы жаз бойы аптасына қосымша 16 әуе рейсін ашу туралы шешім қабылданды. Рейстер тұрақты түрде қатынайды. Яғни, рейстер белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылып, билеттер еркін сатылады. Сонымен қатар, Қазақстанда әуе компанияларының өкілдіктері ашылады. Бұл олардың жолаушылар алдында тікелей жауап беруіне мүмкіндік береді», - дейді комитет төрағасы Бекен Сейдахметов, делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Анталия – Алматы», «Анталия – Астана» және «Анталия – Қарағанды» бағыттарына қосымша рейстер ашылмақ.