Қала әкімдігінің бас инспекторы Гүлфазира Рамазанованың айтуынша, сапардың 1 күнге ғана жалғасатынына қарамастан, оның бағдарламасы спорттық және көңіл көтеру ойындары мен викториналарға, саяхаттарға, шығармашылық шеберханалар жаттығуларына толы. Балалар үшін сондай-ақ дәмді түскі ас әзірленген. Осындай біркүндік денсаулық күндері маусымның ортасында басталған және тамыздың ортасында аяқталады. Бұл жұмыстар ҚР Үкіметінің «2006-2010 жылдардағы жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізуін, сауықтыруын және демалуын ұйымдастыру туралы» қаулысын жүзеге асыру аясында өткізіліп отыр.
4-6 сыныптың балаларынан тұратын бүгінгі топта 30 адам бар. Олар - жетім, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және қорғаушы отбасылардың балалары.