Жазира Байырбекова: "Дұшпандар қастандық жасады"

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Әнші өз инстаграм парақшасында: 

"Жазира салонымызға біреу қағазға оралған түйіншек қалдырып кетіпті.

Түйіншекті ашып көрсе ішінде жіпке оралған ине және майдалап қиылған жіптер жатыр. Үлкенлерден сұрасақ “дұшпандардың қастандық жасағысы келген әрекеті” дейді. Ешқандай дұшпанымыз жоқ сияқты еді.

Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? 3-4 күн бойы құран қойып қойсақ келушілер ренжімейтін шығар.

Ұқсас оқиғалар кімде болды?", -деп жазба қалдырды.

Желідегі оқырмандар расыменде дұшпандарыңыздың сіздерді жолы болмасын деген мақсатта тастап кеткен болуы мүмкін деген болжамға келуде.