Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Жазира ханым ұзатылып жатқан қыздың екі көзі көрмейтін соқыр қызды ұзату кезінде қатты толқып жылағанын айтты.
"Бүгін ұзатылған қыздың екі көзі көрмесе де достарының арасында сыйлы болып,өмірде өз орнын,теңін тауып ұзатылып бара жатқаны көп адамға мотивация.
Тек әнімнің аяғында қатты жылағаным үшін осы жерде болғандардан кешірім сұраймын!
Қыз бен жігіттің өмірге деген құштарлығына,батылдығына,ақылдылықтарына қарап риза болғаннан қатты толқып кеттім!
Шын жүрегімнен аттасым Жазира мен күйеу жігітке бақыт тілеймін!", деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Жастарға бақыт тілеген оқырмандар саны 4 мыңға жуық болды.