«Келінім мен сияқты болуы керек», – дейді әнші.
Сондай-ақ, жүргізушінің сұрақтарына жауап берген Жазира өзінің қызғаншақ емес екенін айтты. Десе де қол ұстасқан жарынан көп алыстамайтын тәрізді. «Күніне қанша уақыт Жанболат мырзадан алшақ жүресіз?» – деген сұраққа әншінің берген жауабы мынадай.
«Әрі кетсе 5-10 минут», – деп мойындады Байырбекова.
Сонымен қатар Жазира Байырбекова көбіне өзін «Дюймовочка», «Маша мен аю» деп атайтынын айтып күлдірді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің ата-анасы да келіндерінің қандай болғанын қалайтынын айтқан еді.