Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды


Бұл туралы Zhasorken.kz хабарлады.

«Романды «Әй, дүние-ай!» деп атаған себебім, бұл жеке адамның тағдыры емес. Бас кейіпкері – Шәйі деген Албанның қызы. 2016 жылы Албан көтерілісіне, Торғай көтерілісіне, жалпы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толады. Бұл қазақтың үлкен бір тарихи белесі. Қазақтың үлкен қайраткерлері, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш азаматтары 1916 жылғы көтеріліске шығудың қажеті жоқ деген. «Халық қырылып қалады, қарсы шығамыз деп қазақты қырып алмау керек» деген ұстанымда болған. Кейбіреулер осының өңін теріс айналдырып, ел алдындағы азаматтардың халыққа деген қастандығы тұрғысында бағалаған. Ал мына тарихты көргеннен кейін солардың ұстанымының дұрыстығына көзім жетті» деді жазушы бұл туралы бұрынғы сұхбатында.