Осы шығармашылық кештің кіріспесінде режиссер Қалила Омаров түсірген «Дүкенбай жолы» атты деректі фильм көрсетіледі.
Кеш барысында жазушының әріптестер қаламгерлері сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салады. Өнер иелері осы басқосудың ажарын кіргізіп, ән шырқайды деп күтілуде.
Сонымен қатар Ұлттық академиялық кітапхана осы шараға байланысты жазушының кітап көрмесін ұйымдастырып отыр. Онда Дүкенбай Досжанның қолжазбалары, ана тілінде шыққан еңбектері және мемлекеттік марапаттары қойылады. Сондай-ақ жазушының әлем халықтарының 22 тіліне аударылған кітаптары да көрмеден орын алады.
Айта кету керек, «Қай жерде қазақ ұлтының басын төрге сүйреу керек болса - қажырым мен рухым сонда!» деген мақсатты ұстанған Дүкенбай Досжанның қаламынан 11 роман, 22 хикаят, 100-ге тарта әңгіме туған.