Отырыста ақын-жазушылар бір-біріне мадақ айтып қана қоймай, сыни пікірлерін де ашық білдірді. 2014 жылы, прозасы мен поэзиясы бар, жалпы саны 100-ден аса кітап шығарылыпты. Қазір жұрттың әдебиетке деген құмарлығы төмен десек те, жазушылардың қатары талантты жастармен толығып жатыр. Ал осы жолғы жиында 12 бағыт бойынша әзірленген баяндамалар оқылды. Барлығында да өткен жылғы әдеби шығармаларға шолу жасалған.
Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары:
– Бүгінде әдебиетте сын жоқ деп жатырмыз. Әдебиетте сын жоқ емес, сын аз. Сын бір жақты мақтаудан тұрады деген әңгімелер аз емес. Енді осындай жиындар сыншылардың қалыптасуына немесе әдеби сынның өз деңгейінде жұмыс істеуіне ықпал етеді деп ойлаймыз.
Loading...