Мәселен, турнирге Владимир Крамник, Борис Гельфанд, Веселин Топалов, Петр Свидлер, Василий Иванчук, Сергей Карякин, Теймур Раджабов, Александр Грищук сияқты әлемдік танымал шахматшылар қатысуға өтініш білдірді.
Қазақстан намысын шахматшылар: Мұртас Қажығалиев пен Әнуар Исмағамбетов - рапиде, блицте Павел Коцур мен Ринат Жұмабаев қорғайды.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл тартыста бәсекелестік мықты болады деп күтілуде. Жедел шахмат пен блиц шахмат санатындағы ойын түрлерінің ең эмоционалды және аса тартымды түріне жатады. Жалпы жүлде қоры 400 мың АҚШ долларын құрайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жедел шахмат пен близ бойынша әлем чемпионаты Астанада Қала күнін мерекелеу аясында өтеді. Жартылай финал 2-4 шілде аралығында «Думан» қонақүйі кешенінде, ақтық мәре 6-10 шілде аралығында «Radisson» қонақүйінде өтеді.