Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады


Адам өлімімен аяқтала жаздаған оқыс жағдай қаладағы теміржол өткелінің бірінде болды. Жолды кесіп өтпек болған жедел жәрдем көлігін, тепловоз бүйірінен ұрған. Қатты соққыдан машина бірнеше метрге ұшып кетіпті. Көлікте бес адам болған екен. Жүргізуші, санитар, фельдшер, науқас пен оның анасы. Үшеуі жеңіл жарақат алса, фельдшердің жағдайы ауыр. Бас сүйегіне зақым келіп, миы шайқалған ол, жансақтау бөлімінде жатыр.