Бұл туралы ол Tiktok желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Көріп тұрғандарыңыздай, жедел жәрдем үлгермей жатыр. Қоңырау қырғын. Екі сағат хабарлассақ, "тағы күте тұрыңыз" деп жатыр. Қоңыраудың көпшілігіне байланысты екен. 1500-нан астам қоңырау келіп түскен. Оның барлығына қызмет көрсету қиын, ешкімді кінәламаймыз. 4 күннен бері балам ауырып, ем-домын жасадық. Жедел жәрдемді күтпей, ауруханаға өзіміз апара жатырмыз. Ең бастысы өкпесін түсіріп алу керек болып тұр. Ауа райы бірде ысиды, бірде жылиды. Көп адамдар жеңіл шығып кетіп жатыр. Біраз адамдар ауырып жатыр екен. Сондықтан жылы жүрейік, алданып қалмайық. Кішкентайларымыз аман болсын", - деді блогер.