Жеген қаржысын қазынаға қайтарды


Виктор Невгад, кәсіпкер:

- 2 миллион теңгені Тахир Мясоутов екеуміз қылдай бөліп алдық. Мен өз еркіммен келіп, қаржыны қайтарып жатырмын. Себебі бұндай жүкпен өмір сүру мен үшін қиын.

Анықталғандай коммуналдық қызмет кәсіпкерге жаңа құбырларды алу үшін қаржы бөлген екен. Бірақ тапсырыс берілген материалдар қоймадан шықпаса да қаржыны өзара келісіммен бөліскен. 13 миллионның сегізі «Жайық жылу энерго» мекемесінің басшылығына бұйырса, 2 жарым миллион жалған құжаттарды жасауға кетіпті. Ал қалғанын өз қалтасына басқан. Прокуратура қаржы жымқырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады. Содан кейін кәсіпкер амалсыз өз көлігін сатып берешегін қайтаруға бел буған екен. Енді сотта осы әрекетім ескерілер деп үміттеніп отыр.