Азаматтарымыздың жеке деректері жекеменшік медициналық ұйымдардың базасынан таралуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
"Ақпарат қауіпсіздігі комитеті осы бағытта тексерісті бастады. Біздің ойымызша, деректер жекеменшік медициналық ақпараттық жүйеден тараған. Нәтижесі шыққан бойда, міндетті түрде хабарлаймыз", - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев.
Бірнеше күн бұрын 16 миллион қазақстандықтың аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты мекенжайы мен ұялы байланыс нөмірі ғаламторда тараған болатын. Бұл қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып, кейін цифрлық даму министрі мемлекеттік дерекқордың бұзылмағанын мәлімдеген.
Енді олар құпия мәліметтер жекеменшік медициналық ұйымдардың дерекқорынан шығуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.