Бұл туралы әнші "Gakku" арнасына берген сұхбатында хабарлады.
"Жеке өмірімді көп тиіспей ақ қояйық, оданда шығармашылығымды айтайын. Жеке өмірімді ән арқылы, бейнебаян арқылы жеткізейін. Кеше ғана Фредди Меркьюридің Богемская рапсодия деген киносын көріп шықтым. Ол жерде де Фредди Меркьюридің айтқан сөздері бар. "Біз әншіміз, біз енді осылай өмір сүреміз. Өнерімізді сыйласын, бірақ жеке өмірімді шаруаларыңыз болмасын"" - деп Айқын сөзін әлемге әйгілі әншінің сөзімен аяқтады.